6 Aug 2026, 13:10 UTC72 views7 reactionsread 6 August 2026 Қайғыдан шығудың ең нұрлы екі жолы –
Алланы пәктеу («Субханаллаһ») және сәждеге бас қою…
Хижр сүресінің 97–98-аяттарында былай делінеді:
«Расында, олардың айтқандарынан жүрегіңнің қайғырғанын білеміз.
Ендеше, Раббыңды пәктеп, сәжде етушілерден бол».
Қайғы қысқанда – тілің зікірмен дымқыл болсын,
жаның ауырғанда – маңдайың сәждеден табылсын…
Өйткені жүрекке шипа – Алланы еске алу,
ал тыныштықтың ең тереңі – сәждед…
❤6🔥1
5 Aug 2026, 21:27 UTC180 views14 reactionsread 6 August 2026 Адамдардың арасында жеңіл немесе әдетке айналған істерде Аллаға бойсұнып, ал нәпсісіне ауыр тиетін ұлы міндеттерге келгенде салғырттық танытатындар аз емес.
©️ Әбул Фараж ибн әл-Жәузи (рахимаһуллаһ)
❤11🔥2😭1
5 Aug 2026, 15:49 UTC181 views20 reactionsread 6 August 2026 Өлімді жиі еске ал! Егер дүниең кең болып жүрген болса, оны тарылтады. Ал таршылық көріп жүрсең, оны кеңейтеді.
— Омар ибн Абдул Азиз (рахимаһулла)
❤15🍓3🔥2
5 Aug 2026, 10:29 UTC209 views22 reactionsread 6 August 2026 Көшеде жан-жаққа жалтақтау еркектің айбынын кетіреді.
Ибраһим ән-Нахағи (Алла оны рақымына бөлесін).
«Бәһжәту әл-Мәжәлис», 2/644.
❤15👍4🔥3
4 Aug 2026, 09:10 UTC242 views23 reactionsread 6 August 2026 Өз қадіріңді біл!
Егер өз қадіріңді шын мәнінде білгеніңде, оны күнәлармен қорламас едің.
Ібіліс саған сәжде етуден бас тартқаны үшін Алланың рақымынан қуылды.
Сонда саған не болған?! Қалайша оны дос тұтып, бізді тәрк еттің?!
(Яғни, Аллаға мойынсұнуды тастап, шайтанның соңынан ердің.)
©️ Әбул Фараж (рахимаһуллаһ)
❤16🔥6💔1
3 Aug 2026, 20:08 UTC253 views25 reactionsread 6 August 2026 Ей, бауырым!
Алланы көп зікір етуді әдетке айналдыр. Өйткені Алла Тағала:
«Расында, Алланы еске алу – ең ұлысы.»
(Анкәбут, 45-аят)
Зікіріңді ықыласпен жаса. Бәлкім, Алла да сені Өзінің алдында еске алар.
Ей, бауырым! Сүйген адамның белгісінің бірі – сүйіктісінің есімі аталғанда жүрегінің толқуы. Егер дүниедегі бір адамды сүйсең, оның есімін естіген сәтте-ақ ішкі дүниең қозғалады.
Ал саған Алланың есімі еске алын…
❤16🔥6😭3
3 Aug 2026, 10:04 UTC251 views22 reactionsread 6 August 2026 Дүниедегі ең үлкен ләззат – Алланы тану,
Ақыреттегі ең ұлы ләззат – Оны көру.
❤18😍3🔥1
2 Aug 2026, 11:39 UTC292 views26 reactionsread 6 August 2026 Сиқырдың әсерін қайтаруға көмектесетін ең ұлы әрі ең пайдалы нәрсе — Алла Тағаланың Өзінің Пайғамбарына ﷺ үйреткені, яғни «Фәләқ» және «Нәс» сүрелері.»
— Ибн Касир (Алла рақымына алсын)
❤19🔥5👍2
2 Aug 2026, 08:36 UTC307 views22 reactionsread 6 August 2026 Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
©️ Абай Құнанбайұлы
❤16👍3🔥3
1 Aug 2026, 09:06 UTC342 views25 reactionsread 6 August 2026 «Саған таңғаламын!»
Заман саған ғибрат болмайды, бастан кешкен оқиғалар да сені оятпайды.
Сағаттар өміріңді санап жатыр, ал амалдарың бірінен соң бірі жазылып жатыр.
Ал ең қатты жақсы көретін екі нәрсең – (дүние мен ұзақ арман)Екеуі де өзіңе зиян алып келеді.
©️ Әбул Фараж ибн әл-Жәузи (рахимаһуллаһ)
❤11😭9🔥3💔2
1 Aug 2026, 06:52 UTC305 views24 reactionsread 6 August 2026 Алла елшісінің ﷺ Сағд ибн Әби Уаққасқа (оған Алла разы болсын) айтқан өсиеті.
"Уа, Сағд! Асыңды адалдан тап! Дұғасы қабыл болатын жан боласың".
Табарани. Әл-Әусат. 6495.
❤20🔥4
31 Jul 2026, 17:45 UTC322 views25 reactionsread 6 August 2026 Түнді тыныштыққа бөлегендей,
жүрегімді де тыныштандыршы.
Кешір мені…
Сенен басқа ешбір есікті қақпауым үшін,
жолымды Өзіңе ғана бұрғайсың🤲🏻
❤19💔4🔥2
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @hanafiit. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.